Номад 2024 жылғы Құрлықтық кубоктың жеңімпазы!

2022/23 маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанған «Номад» халықаралық хоккей федерациясының қамқорлығымен өткен Құрлықтық кубок жарысына өз тарихында екінші рет қатысуқұқығына ие болды.

Қазақстандық ұжым титулдық жорығын үшінші раундтан бастады. Ойындар 2023 жылдың қарашасында Францияның Гренобль қаласында өтті. Аталмыш турнирде отандық ұжым негізгі уақытта барлық үш кездесуде жеңіске жетіп, жүз пайыз нәтиже көрсетті.

Уэльстегі қорытынды турнирде «Номад» ең жас команда болғанымен қатар, жарыстың басты фавориті ретінде бақ сынады. Финалдың кезеңнің алғашқы ойынын алаң иелері «Кардифф Девилз» командасына қарсы өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал Даниялық «Хернинг Блю Фокс» (7:2) ұжымына қарсы кездесудегі жеңіс, кейінірек белгілі болғандай, «Номадқа» финалдық турнирде жеңіске жетуге кепілдік берді. Дегенмет, отандық команда польшалық «Катовице» командасына қарсы соңғы кездесуде де жеңіске жетті. Осылайша, Номад өз тарихында алғаш рет Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды.

title