Sport Qory жаңалықтары

Шахматшы Бибісара Асаубаева жылды жаңа жеңістермен бастады

Бибiсара Қытайда өткен The Belt and Road 2023 халықаралық шахмат турниріне қатысып, екінші орынды иеленді. Спортшымыз 11 раундты бойы бірде-бір жеңіліссіз өткізіп, 8,5 ұпай

нәтиже көрсеткенімен, оның қарсыласы әзірбайжандық Гүнай Мамедзаде де дәл осындай ұпай жинады. Қосымша көрсеткіштердің қорытындысы бойынша Бибісара күміс жүлдеге иеленді.

 

Хоккейден Қазақстан құрамасының Универсиада-2023 ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды

Ертең ХХХ Дүниежүзілік қысқы Универсиада басталады. Шара 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасына 22 хоккейші (19 дала ойыншысы және 3 қақпашы) енді. Команданың бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев, бапкері Александр Высоцкий.

Ұлттық құрама алғашқы ойынын 13 қаңтар күні Корея құрамасына қарсы өткізеді.

 

Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжановтың орнына Мырзағали Айтжанов келді.

 

Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.