Рапидтен Қазақстан құрамасы мен әлем құрамасы арасындағы кездесу басталды
17 сәуірде Астанада жылдам шахматтан Қазақстан құрамасы мен әлем құрамасы арасындағы кездесу басталды.
Қазақстан құрамасы: Бибисара Асаубаева, Жансая Абдумалик, Динара Садуакасова, Меруерт Камалиденова, Лия Курмангалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нурманова және Зарина Нургалиева.
Ал әлем құрамасына FIDE рейтингінің үздігі, әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хоу Ифань, Нана Дзагнидзэ (Грузия), Харика Дрюнавалли (Үндістан), Гюнай Мамедзадэ (Әзірбайжан), Нургюль Салимова (Болгария), Жока Гаал (Венгрия), Шри Б.Савита (Үндістан) және Афруза Хамдамова (Өзбекстан) кірді.
Рапидтен төрт раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық ойыншылар карсылыстарына 5 ұпай жол берді (18,5 – 13,5). Бүгін тағы 4 раунд рапид, ал ертең командалар сегіз раунд блиц өткізіп, мықты команданы анықтайды.
Айта кетейік, бұл матч тарихи болып саналады, өйткені бұған дейін ұлттық құрама мен әлем құрамасы арасындағы текетірес тек ерлер құрамалары арасында өткен.