Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender ширек финалында өнер көрсетуде

Швецияның Хельсингборг қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі басталды.  Отандасымыз Алан Құрманғалиев (16 жас) 17 жас санатында өнер көрсетуде.

Бүгін Алан ширек финалда жапондық Юхи Сакаимен шайқасады. Бұған дейін ол Эрвинас Узиалоны (Литва) 3:0, Олле Хаан Шталды (Швеция) 3:0, Ноа Дальстромды (Швеция) 3:0, Алан Кулчицкиді (Польша) 3:1 есебімен жеңген болатын.

title