Қазақстандық альпинист әлемдік рекорд орнатуға қатысты
17 маусымда Швейцариядағы Зерматт биік таулы курортының жанында әлемдік әйелдер командасы Брайтхорн шыңына көтерілді - 100% Women World Record. Жобаға 25 елден 80 әйел қатысты, оның ішінде қазақстандық Ада Молгачева да бар. Алматы альпинизм Федерациясы президиумының мүшесі, альпинизм мектебінің аға әдіскер-нұсқаушысы осы іс-шараның 11 амбассадорының бірі және осындай ауқымды іс-шараға қатысқан Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел болды.
«Қазақстанның елшісі ретінде әлемдік рекорд орнатуға атсалысуға мені SwissTourizm шақырды. Мен қазақстандық әйелдер тау қауымдастығының атынан шыққанымды мақтан тұтамын. Айта кету керек, бұл альпинизм тұрғысынан мен үшін ең қиын емес еді. Өйткені Алматыда әр демалыс сайын осындай биіктікке шығамыз. Бірақ әлемдік жобаның бір бөлшегі болу және бүкіл әлемдегі әйелдерді қолдау бастамасымен құрылған болу мен үшін үлкен құрмет. Әр елден келген альпинистермен, кәсіпқойлармен және осы спорт түрін сүйетіндермен біз тек тренингтерден өтіп, тәжірибе мен идеялармен алмасып қана қоймай, сонымен қатар планетаның әйелдер жартысының жаһандық қолдауын сезіне алдық", - деп атап өтті Ада Молгачева.
Бүгінгі таңда арнайы комиссия әлемдік рекорд туралы шешім қабылдау және оны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу рәсімдерін жүргізуде.