«Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді

Мәскеудегі Гагарин Кубогының бірінші кезеңіне дайындық кезінде елордалық хоккей клубы мәскеулік «Динамоға» қарсы жолдастық матч өткізді.

Оның қорытындысы бойынша «Барыс» 3:4 есебімен жеңіске жетті.

«Динамо» - «Барыс» 3:4 Б (0:1, 2:2, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:25 – Куник (Берглунд, Петухов)

0:2 – 34: 09 - Лиля (Савицкий, Орехов)

1:2 – 38: 53 - Прибыльский (О'Делл)

2:2 – 39: 30 - Миронов (Линдберг, О'Делл)

2:3 – 39: 43 - Асетов (Савицкий, Вей)

3:3 – 41: 47 - Игумнов (Волков)

3:4 – 65: 00 – Альсинг Б

Қақпашылар: Еременко-Бояркин

Ал 24 ақпанда «Динамомен» тағы бір кездесу өтеді. Ойын Нұрсұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Гагарин Кубогы үшін күрес 1 наурызда басталады. Плей-оффта «Барыс» пен «Металлургтің» алғашқы матчы 3 наурызда өтеді.