Өткен аптаның жарқын жеңістері

Өткен апта отандық спорт саласында жарқын жеңістерге толы болды. Спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Атап өтсек: 

Қытай Халық Республикасында өткен жамбы атудан Әлем чемпионатында жамбышыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола ұтып алды.

Семсерлесуден Кувейтте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сертай Ерлік қола жүлдені иеленді. Ол аталмыш спорт түрінің «сапы» түрінен жеке сайыста сынға түсіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Будапештте өткен брейкинг бойынша Олимпиаданың іріктеу сериясында қазақстандық Әмір Закиров екінші орын алып, Парижге жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингем WTA250 турнирінің чемпионы атанды.