Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Бүгін, 3 маусым Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қордың Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Жиналыс жаңартылған құрамда өтті.
Күндізгі отырыстың күн тәртібі аясында қайырымдылық көмек көрсетуге арналған спорттық жобалардың 40 өтініші қаралды. Кеңеске қатысушылар Қордың бас серіктесі «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-ның ақшалай қаражатынан бөлінетін 30 жобаны бекітті.
Сонымен қатар, кеңес мүшелері Қордың бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмысын атап өтті. Отырыс барысында жақын арада іске қосылатын бұқаралық спортты қолдау бойынша «1:1» бағдарламасын дамыту векторы анықталды.