Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында және Ливиньо қаласында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул спортшысы Аяулым Әміренова ұстап шықты.
Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы 10 дисциплинада жүлдеге таласады.
Фото: Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

