Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия чемпионы

Ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде түсті. 102 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы үш бірдей медальға иелік етті. Жұлқа көтеруді 173 келімен бастап 181 келімен аяқтап, кіші күміс жүлдеге ие болса, Серпе көтеруде 210 одан кейін 215 келіні бағындырды.

Нұрғали соңғы мүмкіндігінде 219 келіге тапсырыс берді. Осы салмақты иегере алса алтын, көтере алмаса алтын жүлде өзгенің еншісінде кeтетінін жақсы түсінген  отандасымыз барын салып, 219 келіні басынан асырып, кіші алтын жүлде алса, жалпы есепте еншісіне 400 келіні еңсеріп, Азия чемпионы атанды.