Ауыр атлектика. Әлем чемпионатындағы үшінші жүлде!
Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты жалғасуда. Аталмыш додада ел намысын 13 спортшы қорғауда.
Бүгін 96 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына күміс жүлдені салды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 383 кг (174+209) бағындырды. Бұл сында бахрейндік Лесман Паредес 397 кг (185+212) алтыннан алқа тақса, жарыс қожайыны колумбиялық Джор Морене 380 кг (171+209) қолаға қол жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейін 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің 18 жасар спортшымыз Алексей Чуркин 343 (153+190) келі көтеріп, қола жүлдені иеленген болатын. Ал бірінші болып елімізге күміс медаль әкелген Арли Чонтей. Ол қоссайыс нәтижесінде 259 (118+141) келі көтеріп, 55 келіге дейін салмақта екінші орынға орналасты.