Бибісара Асаубаева бірінші орында!
Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінің 8-туры аясындағы басты кездесуде Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер кездесті.
Тартысты өткен ойында жеңімпаз анықталмай, ойын тең нәтижемен аяқталды. Бибісара мен Жу осыған дейін 4 мәрте кездескен: қазақстандық бір рет, ал қытайлық 2 рет басым түссе, қалған матчта бірін-бірі ала алмаған.
Қазір Бибісара 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында. Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.