Астанада Парахоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы туралы қысқаметражды фильмнің тұсаукесері өтті

Кеше, 28 тамызда Қазақстан Республикасының Парахоккей ұлттық құрамасы туралы қысқаметражды фильмнің тұсаукесері өтті.

 

Деректі фильм Қазақстан құрамасының алғаш рет әлем чемпионатына «С» тобында қатысып, екінші орын алып, биылғы жылдың қазан айында Қазақстанда өтетін әлем чемпионатының «В» тобына жолдама алғаны жайлы баяндалады.

 

Тұсаукесерге ұлттық құраманың спортшылары, Пара хоккей федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров, Болат Бушанов, Борис Иванищев, сондай-ақ әлем чемпионатына баруға қолдау көрсеткен ұйымдардың өкілдері қатысты.

title