Өткен аптаның айтулы спорт жаңалықтары
Бокс федерациясы
23 қараша-4 желтоқсан аралығында Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 3 спортшы-қыздарымыз чемпион атанды.
Аяжан Сыдық (54 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі) алтын жүлдеге қол жеткізді.
Барыс хоккей клубы
Кеше «Барыс» хоккейшілері сырт алаңда «Северсталь» командасына қарсы матч өткізіп 2:3 есебімен жеңіске қол жеткізді.
Конькишілер одағы
2-3 желтоқсан аралығында Леэварден (Нидерланды) қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы шорт тректен әлем Кубогы кезеңінде 1000 метр қашықтықта бақ сынаған Дінмұхамммедалдияр Тәжібай қола жүлдеге ие болды.
Дәл сол жарыстың әйелдер эстафетасында (3000м) Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Алина Ажгалиева, Зейнеп Құмархан, Анастасия Астраханцева, Гүлдана Жалмұхан, Полина Омельчук қола жүлдеге қол жеткізді.
Конькимен жүгіруден әлем Кубогының кезеңінде 500 метр қашықтықта бақ сынаған Маргарита Артемьева 40.04 секунд көрсеткішімен чемпион атанып, 40.27 секунд нәтижесін көрсеткен Инесса Шумекова күміс жүлде иеленді.
Италияның Колальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында әлем кубогының екінші кезеңінде нео-сеньорлар арасында 1000 метр қашықтыққа жүгіруден қазақстандық Инесса Шумекова 1:22.34 уақыт көрсеткішімен чемпион атанып, Арина Ильященко 1 минут 22.61 секунд нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.