Жақсылық Үшкемпіров турнирі: Бірінші жарыс күнінің жеңімпаздары анықталды

Астанада Грек-рим күресінен (U20) қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр.

Төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан турнирге Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Жеке бейтарап спортшылар командасы (AIN) және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттерінің балуандары қатысуда.

Грек-рим күресінен өтіп жатқан бәсеке он салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан жарыста 234 балуан бас қосты.

🥇 Кеше 5 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар және жүлдегерлері анықталды:

📍55 келі

🥇Әлібек Амиров (AIN)
🥈🇰🇿Айбек Айтбеков
🥉🇰🇿Арсен Жұма
🥉🇦🇿Хусейн Савадов

📍63 келі

🥇Ерзу Закриев (AIN)
🥈🇰🇿Дамир Ибрашов
🥉🇦🇿Махаммад Шукурзаде
🥉🇰🇿Даниал Молдабек

📍72 келі

🥇🇦🇿Руслан Нуруллаев
🥈🇰🇿Тайыр Амангелді
🥉🇰🇬Ырыскелді Хамзаев
🥉🇰🇿Ақжан Ықыласов

📍82 келі

🥇🇰🇿Ерасыл Жеңіс
🥈🇦🇿Исмаил Рзаев
🥉🇺🇦Рамазан Пашаев
🥉🇰🇿Жанболат Бекен

📍97 келі

🥇🇺🇦Егор Якушенко
🥈🇺🇿Амирхон Бердіқұлов
🥉Максим Аверин (AIN)
🥉🇰🇬Баһрам Құрбанов

Айта кетелік, балуандар бәсекесі Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 13 наурызға дейін өтеді.