Грэпплингтен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 96 алтын медаль еншіледі

21-24 маусым аралығанда өткен Grapling Asian Championships аясында Қазақстан спортшылары ел қоржынына 96 алтын, 17 күміс, 1 қола әкеліп, жалпы есепте бірінші орында тұрақтады.

Аталмыш додаға Ауғанстан, Иран, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Палестина, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның әлемнің мықтылары 168 салмақ дәрежелерінде бақтарын сынады.