Астанада «Жұлдызай-2024» Ұлттық инклюзивті ойындарының ашылуы өтті

 Бүгін сағат 12:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек Сарайында «Жұлдызай-2024» Ұлттық инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

«Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында өткізіледі.

Жобаның басты мақсаты балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайту, қатысушылардың спорттық әлеуетін ашу және физикалық және интеллектуалдық шектеулерге қарамастан жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесу. Ойындар сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың алдында тұрған мәселелерге қоғамның назарын аудартуды көздейді.

Биыл ойындарға 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысады, олар спорттың жеті түрінен: жеңіл атлетика, голбол, шағын футбол, үстел теннисі, бочча, сондай-ақ "бес тас", "асық ату" және "тоғызқұмалақ" ұлттық спорт түрлерінен жарысады. Қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам адамды құрайды, оның ішінде жаттықтырушылар мен еріп жүрушілер де бар.

Айта кетейік, жобаның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және серіктесі SportQory.