Бес боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалында

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты шешуші кезеңіне қадам басты.

Бүгін жарыс жолына шыққан отандастарымыз арасынан команда капитаны Асланбек Шымбергенов (75 келі), сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (56 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға жолдама алды.

Өкінішке қарай, құрама мүшелері Серік Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортаға жол берсе, Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловқа есе жіберді.

title