Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды
Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді. Дүбірлі додада пара шаңғы жарысы, пара биатлон, арбадағы керлинг, пара сноуборд, тау шаңғысы және пара хоккей спорт түрлері бойынша 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады.
Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтсақ, пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин, ал пара шаңғы жарысынан – Нурлан Алимов, Владислав Кобаль және Анна Грачева.

