Астанада Париждегі Олимпиада қорытындысына арналған алқа отырысы өтті
Астанада Париждегі Олимпиада қорытындысына арналған алқа отырысы өтті. Жиналысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, спорт ардагерлері, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, өңірлік басқармалардың, федерациялардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев төрт жылдық турнирдің қорытындысын шығарды.Отырыс қорытындысы бойынша спорттық көрсеткіштерді жақсарту, оның ішінде спортшыларды даярлаудың бірыңғай стандартын әзірлеу, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдар шығарылды.