Абиба Абужақынова әлемнің үздік дзюдошылар бестігіне енді.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Антальяда өткен Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты.
Қазақстандық Абиба Абужақынова үздік бестікке енді.
Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық дзюдошылар ішінде ерлер құрамасынан Мағжан Шамшадин мен Данияр Шамшаев 15-ші орынға тұрақтаған.
Нұрқанат Серікбаев осы турнирде 500 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингте 15 саты жоғарылаған.
Қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингі:
Ерлер
-60 кг
Мағжан Шамшадин – 15 орын (2773 ұпай)
Елдос Сметов – 23 орын (1929)
Бауыржан Нарбаев – 34 орын (1438)
Нұрқанат Серікбаев – 36 орын (1322)
Шерзод Давлатов – 49 орын (855)
-66 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 24 орын (2010)
Есет Қуанов – 42 орын (1114)
-73 кг
Данияр Шамшаев – 15 орын (2746)
Жансай Смағұлов – 21 орын (2060)
-81 кг
Абылайхан Жұбаназар – 22 орын (2105)
-90 кг
Дидар Хамза – 24 орын (1920)
-100 кг
Нұрлыхан Шархан – 24 орын (2115)
+100 кг
Әділ Оразбаев – 41 орын (1081)
Ғалымжан Қырықбай – 49 орын (780)
Әйелдер
-48 кг
Абиба Абужақынова – 5 орын (4183)
Ғалия Тынбаева – 39 орын (1236)
-57 кг
Севара Нышанбаева – 33 орын (1317)
-78 кг
Аруна Жангелдина – 32 орын (1120)
+78 кг
Камила Берликаш – 19 орын (2544)
Назгүл Маратова – 39 орын (831)