Алматыда су спорты Федерациясының су полосы үшін жаңа ресми добының тұсаукесері өтті
Sport Qory қолдауымен Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұлттық түстерде және бірегей дизайнмен арнайы доптар әзірленді. Олар әртүрлі жас топтары үшін үш өлшемде жасалған және барлық қажетті стандарттарға сәйкес келеді. Жаңа спорттық құрал-жабдықтар барлық республикалық жарыстарында қолданылатын болады.
Іс-шара аясында ардагерлер мен чемпиондардың су полосы бойынша резерв командасына қарсы матчы өтті, оған Олимпиада чемпиондары Сергей Котенко, Серік Сәпиев және Дмитрий Баландин қатысты. Ватерполистердің жастар командасы да өз шеберліктерін көрсетті.