Өткен аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтары

 

Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды. Спортшыларымыз халықаралық жарыстарда топ жарып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Назарларыңызға өткен аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарына шолуды ұсынамыз.

🌟 Қазақстан жастар құрамасы Португалияның Анадия қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде 9 медаль жеңіп алды.

🌟 Тбилисиде өткен әлемдік Grand Slam жарысын дзюдошыларымыз 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады.

🌟 Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирінде ширек финалға шықты. Қос спортшы 1/8  финалда қарсыластарынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

🌟Литваның Каунас қаласында бокстан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалында Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығып, оның алтауы алтын медаль иеленді. Жандос Қыдырәлиев, 67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай, 71 келі салмақта отандасымыз Фарух Тоқтасынов, 75 келі салмақта Азамат Бектас, 80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет, Асылжан Серікбай алтын медаль иеленді. Жарыс қорытындысв бойынша жерлестеріміз халықаралық турнирде 6 алтын, 3 күміс, 2 қолалы болды.

🌟 17 жастағы теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды.

🌟Мәскеу қаласында ерлер мен әйелдер және жауынгерлік самбодан «Sambo Founders Cup» атты Әлем кубогінде маңғыстаулық Гүлдана Альмухамбетова жеңімпаз атанды.