Демалыс күндердегі айтулы жаңалықтар
Ислам ынтымақтастығы ойындары
Эр-Риядта 7-21 қараша аралығында өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы саны 56 медаль жиындытығын жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 7-ші орынға тұрақтады. Отандық спортшылардың еншісінде 15 алтын, 20 күміс және 21 қола медаль бар. 57 мемлекет өкілдері бақ сынаған жарыста ел намысын 97 спортшы қорғап, олар жарыс бағдарламасына енген 23 спорт түрінің 16-да өз бақтарын сынады.
Хоккей
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Отандық хоккейшілер ең алдымен Оңстүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңсе, артында 5:1 нәтижесімен алаң қожайындары Қытай құрамасын ойсырата жеңген болатын. Жерлестеріміз соңғы кездесуде Жапония құрамасына қарсы ойнап, тартысты кездесуде 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша, Ұлттық құрама құрлықтық бәсекеде бірінші орынды иеленді.
Мәнерлеп Сырғанау
Мәнерлеп сырғанаудан Финляндия астанасы Хельсинкиде ерлер арасындағы осы жылғы Гран-При сериясының шешуші турнирі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, финалға қатысатын үздік алтылық құрамына отандасымыз Михаил Шайдоров енді. Ол өз кезегінде 24 ұпай жинап, 2-жыл қатарынан Гран-При турнирінің финалына жолдама алды. Айта кетейік, осы жылғы Гран-При финалы 4-7 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.
