«Қайрат» - футзалдан 21 дүркін Қазақстан чемпионы

Алматыда футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының төртінші матчы өтті. «Қайрат» Алматы футзал клубы «Семей» клубымен кездесті. Матч алматылықтардың 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойында Джулио Занотто, Біржан Оразов және Алисон де Лима нәтижелі соққыларымен көзге түсті. Төрт кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, футзалдан 21 дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

title