Спорттық құзға өрмелеуден Әлем Кубогында Хайбуллин Ришат күміс медаль иеленді

Хайбуллин Ришат Француз Республикасында спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық спортшы «Жылдамдық» санатында ерлер арасында 27 елден келген 77 спортшымен бәселескен болатын. Ол финалдық жүгірістерде 15 метрлік өрмелеу қабырғасын 5,05 секунда жүгіріп жеке және Қазақстанның рекордын жасады.