Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында бірінші орын иеленді

Тайландта велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы 15 медаль жеңіп, жалпы есепте бірінші орынға иеленді. Ел қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.

Алтын:

Руслан Алиев

Евгений Федоров

Александр Винокуров

Андрей Ремхе

Михаил Подлужный

Глеб Бруснецкий

Алик Батырхан, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Виктория Марчук, Екатерина Удовыкина және Евгения Заам - жасөспірім құрамасы

Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Умутжанова, Рината Султанова және Марина Кузьмина - «элита»

 

Күміс:

Алексей Абраменко

Вадим Ежаков

Евгений Гидич

Евгения Заам

 

Қола:

Рината Султанова

Павел Бабенко

Жулдыз Кайнарова мен Айгерим Нургали – тандем

 

Жалпы медальдік есепте екінші орынды Тайланд командасы, ал Вьетнам үшінші орынды иеленді.  

Азия чемпионатында 27 елден 700-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылар арасында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар ойнатылды.