Астанада Азия Чемпионаты басталды

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты басталды.

Жарыс шілде айының 3-8 аралығында өтеді. Шараға Иран, Ирак, Үндістан, Жапония, Корея, Қытай, Монголия, Тайланд және Қазақстан елдерінен 200-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздары Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алады.

Айта кетейік, параволейболдан Азия чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өтуде.