«Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары аяқталды

Sport Qory қолдауымен Астанада «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары аяқталды. Арнайы жарыстарға еліміздің барлық өңірлерінен 10-16 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500-ге жуық бала қатысты. 

20-22 қыркүйек аралығында қатысушылар шағын футбол, голбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрлерінен жарысты. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Алматыдан келген команда иеленді. Екінші орынды Павлодар облысы жеңіп алды, ал үшінші орынды Ақмола облысының командасы алды.

title