Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мен өңірлерді қолдау туралы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша көмек көрсетуге шақыруын қолдау мақсатында «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры (SportQory) еліміздің спорт қоғамдастығы өкілдерінің қаражат жинауын ұйымдастырады.
Қайырымдылықтар қордың есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы қолма қол ақшасыз нысанда ғана қабылданады:
ЖСК KZ50601А871026281101
Кбе 18
АҚ «Қазақстан Халық Банкі»
БСК HSBKKZKX
Жеке тұлғалардың қайырымдылық көмектері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.
Қорға ақша қаражатын аудару жөнелтушінің Ерікті Қайырымдылық туралы шарттың талаптарын қабылдағаны туралы жария оферта акцепті болып табылады.
Қорға қайырымдылыққа қатысты барлық сұрақтар бойынша e-mail арқылы байланыса аласыз: qoldau@cfsport.kz
Бұл бастаманы еліміздің спорт ұйымдары, түрлі деңгейдегі федерациялар, кәсіби спорт клубтары мен спортшылар қолдайды деп үміттенеміз.