Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Спартакиадасының қорытындылары

Астанада өткен бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Бір апта ішінде еліміздің боксшылары 13 салмақ (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг) дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. 

Байрақты бәсеке қорытындылары бойынша ұлттық құрама жаңадан жасақталады. Спартакиадада топ жарған былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирлерге қатысады.

Айта кетейік. бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында лицензияға ие болған еді.

title