Жапонияда өткен Азия ойындары өз мәресіне жетті

Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасы жарысты 84 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға табан тіреді. Салтанатты жабылу рәсімі Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтіп, аталмыш шарада Қазақстан туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.

Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстан атынан 35 спорт түрінен 558 спортшы бақ сынап, құрама қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль салды.

Айта кетейік, келесі жазғы Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында Қатар астанасы Дохада өтеді.

Фото: Сали Сабиров, Владислав Семенов