Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен аяқтады

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Словениямен кездесіп, тартысқа толы ойында негізгі уақытта 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Әлем чемпионатының ұйымдастыру алқасы Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан турнирде үздік өнер көрсеткен үш ойыншыны атады:

Үздік қақпашы - Андрей Шутов

Үздік қорғаушы - Әділ Бекетаев

Үздік шабуылшы - Роман Старченко

Еске салайық, біздің құрама командамыз әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды.

title