Аптаның басты жаңалықтары

Жеңіл атлетика федерациясы

Бүгін Калиде (Колумбия) жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионаты басталады. Аталмыш додада Қазақстан намысын 4 спортшы қорғайды. Анастасия Рыпакова "ұзындыққа секіру" бойынша жүлделі орынға таласса, Игорь Косолапов биіктікке секіру жарыстарына қатысады. Ясмина Тоқсанбаева "спорттық жүру" 10000 м, ал Ақбаян Нұрмамет 1500 м қашықтықта жүгіреді. 

Қайық федерациясы

Германияның Аугсбург қаласында еспелі слалом мен экстрим-слалом бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс екі спорттық пән бойынша өтті: байдарка мен каноэде есу слалом (слалом каноэі) және экстрим каноэ-слалом. Ұлттық құрама мүшелері Куликов Александр С1М санатында 31 орын, Ананьева Анастасия С1W санатында 44 орын, Таранцева Екатерина К1W санатында 54 орын алды.

Спорттық ату федерациясы

Алматыда ISSF Гран-При және стендтік атудан X-Азия Чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 16 елінен және Азия контингентінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Халықаралық турнирде алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық спортшы Рысбекова Сәрсенкүл жеке есепте TRAP WOMEN жаттығуында Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Турнир 8 тамызға дейін жалғасады.

Шахмат федерациясы

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы қызу жүріп жатыр. Қазақстан құрамасы алғашқы үш турды аяқтады. Ерлер Қытай Тайбэйін 3-1 есебімен жеңіп, 1 турды аяқтады. Әйелдер Гватемала құрамасын 4-0 есебімен жеңді. Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстаннан ұтылды (1,5-2,5), ал әйелдер құрамасы Бельгиямен сәтті ойын өткізді (3-1). Үшінші турда әйелдер құрамасы Перуды 3-1 есебімен жеңді. Ерлер құрамасы Ливаннан басым түсті (4-0).

title