BAQ liga Х маусымы басталды

Елордада шағын футболдан еліміздің БАҚ өкілдері арасында Журналистер лигасының Х маусымы басталды.

Келесі жылдың сәуір айына дейін жалғасатын біріншілік SportQory қолдауымен «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына арналған.

Келесі жылдың сәуір айына дейін жалғасатын біріншілік SportQory қолдауымен «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына арналған.2016 жылғы 10 желтоқсанда құрылған BAQ liga-бұл Қазақстанның БАҚ өкілдерін біріктіруге бағытталған жоба. Bank liga редакциялар арасындағы көпір болып табылады және серіктестік ынтымақтастықты арттырады.

Бүгінгі таңда BAQ liga шағын футбол бойынша 9 маусымды өткізді, оған 50-ге жуық редакциядан 700-ге жуық журналист қатысты.

Биылғы маусымда еліміздің әр түрлі редакцияларынан 13 команда қатысуға өтінім берді.

Регламент бойынша:

  • Олардың алтауы «А» лигасында ойнайды
  • Жетеуі «В» лигасына жатады

Сонымен қатар, Лига біріншілігімен қатар журналистер Кубогы өткізіледі. Барлық ойындар Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі ұсынған «Аспан» спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан BIZ liga екінші маусымы журналистер арасында туризм және спорт индустриясын қолдау қорының 10 жылдығына арналған.