Астана қаласының триатлон федерациясы спорттық құрал жаңартты

Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спортты дамыту мақсатында Астана қаласының Триатлон федерациясы Астана қаласының триатлон құрама командасының мүшелері үшін заманауи спорттық жабдықтар, кәсіби велосипедтер мен жабдықтар сатып алды.

Қажетті құрал-жабдықты жаңарту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ Sport Qory қолдауымен жүзеге асты.

Республика күні қарсаңында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленуші жас спортшыларына спорттық жабдықтарды салтанатты түрде тапсыру және осы оқиғаға орайластырылған баспасөз конференциясы өтті.

Іс – шараға Sport Qory Бас директоры Асхат Сейсембек, Астана қаласы Триатлон федерациясының президенті – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Болгерт, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысты.

title