Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

1 желтоқсанда Дәурен Абаевтың төрағалығымен спортты қолдау қорының қамқоршылық кеңесінің күндізгі отырысы өтті.

Кеңестің негізгі мәселелерінің бірі Қор қызметінің 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту болды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар есепті кезеңдегі бюджеттен тыс қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есептілікті бекітті және спорттық жобалардың қайырымдылық көмек көрсетуге арналған өтініштерін қарады.