Cергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қазақстан қоржынына "алтын" еншіледі
Cергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды.
Олар 500 метрге каноэде ескек есуде жұптық сында мәреге бірінші келді. Уақыт көрсеткіші 1:49.010 секунд. Ұлттық құрама спортшылары Жапония мен Иран ескекшілерінің алдын орап кетті.