Денис Никиша шорт-тректен Әлем Кубогінде үздік атанды

Отандасымыз Денис Никиша Дордрехт (Нидерланды) қаласында шорт-тректен Әлем Кубогінің қорытындысы бойынша үздік атанды.

Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастап, 402 ұпаймен бірінші орынға ие болды.

Еске салсақ, Денис өткен жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс алған болатын. Одан кейін Алматыда өткен екі кезең барысында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Абзал Ажғалиев үздік ондықтың қатарынан көрінді.