Қазақстандық боксшылар Париждегі Олимпиадаға бес жолдама жеңіп алды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін әлемдік турнир өз мәресіне жетіп, былғары қолғап шеберлеріміз Ұлттық құрама қоржынын Париж Олимпиадасының бес жолдамасымен толықтырды. Парижде өтетін Олимпиадаға жолдама алғандар: 

Ерлер: 

Сәкен Бибосынов (51 кг) Әлем чемпионы

Махмұд Сабырхан (57 кг) Әлем чемпионы

Асыланбек Шымбергенов (71 кг) Әлем чемпионы

 Нұрбек Оралбай (80 кг) Әлем чемпионы

 Айбек Оралбай (92 кг) Әлем чемпионы

Әйелдер:

57 кг-Карина Ибрагимова;

 

Айта кетсек, 114 елден 668 спортшының қатысуымен өтетін әлемдік лицензиялық турнирде 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған болатын. Аталған жарыста Қазақстан атынан 11 боксшы ел намысын қорғады.