Өткен аптаның айтулы жаңалықтары

28-29 маусымда Өзбекстанда жеңіл атлетикадан өткен Silk Road to Paris WA Continental Tour Bronze халықаралық жарысында қазақстандық жеңіл атлеттер Ольга Сафронова, Елизавета Матвеева және Давид Ефремов 3 алтын, Юлия Башманова 1 қола медаль жеңіп алды.

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері үш алтын, төрт күміс, екі қола медаль алды.

29 маусымда «Тур де Франс» көпкүндік сайысы басталды. Astana Qazaqstan Team құрамасынан Марк Кавендиш, Микаэль Меркев, Алексей Луценко, Евгений Федоров, Кейс Бол, Гарольд Тежада, Давиде Баллерин, Мишель Газоли жарысқа қатысады.