«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғашқы кезені аяқталды

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»
Алғашқы кезең артта қалды

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесіне ел өңірлерінен 19 команда қатысуда.

Ат жарысы елорданың іргесіндегі Қаражар ауылынан бастау алды. Шабандоздар 1 300 шақырым қашықтықта жарысатын марафон-бәйге 19 қыркүйек күні Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді.

Кеше бірінші кезеңнің үздіктері анықталып үлгерді. Алғашқы кезеңдегі 50 шақырымды бірінші болып Жамбыл облысы 2 сағат 23 минут, 37 секундта бағындырды. Екінші орын Солтүстік Қазақстан облысының еншісінде. Олардың нәтижесі – 2 сағат, 57 минут, 04 секунд. Ал Жетісу облысының командасы үздік үштікті 2 сағат, 58 минут, 32 секунд уақытпен түйіндеді.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory».

title