Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше Астана қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 2008 жылғы және одан кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке және командалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Бәсекеге еліміздің 19 облысы мен қалаларынан 319-ға жуық спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтайтын болады.

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Алдияр Нұралинов, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және ауыр атлетикадан төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналып, сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Дүбірлі дода 29 қарашаға дейін жалғасын таппақ.

 

title