1-2 шілде күндері Алматыда XXXII QOSANOV MEMORIAL жеңіл атлетикадан турнирі өтуде

Бұл турнир World Athletics Continental Tour жарысының желілік күнтізбесіне кіреді. Биылғы жарыстар 2023 жылы өтетін Әлем Чемпионаты мен 2024 жылғы Олимпиада Ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады.

Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран, Қытай, Жапония, Таиланд, Грузия, Үндістан және Қазақстан сияқты 12 елдің спортшылары қатысып жатыр.