Демалыс күндердегі отандық спортшылардың жеңістері

Жүзу

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде отандасымыз Виктор Друзин әртістік жүзуден алтын жүлдеге қол жеткізді Жерлесіміз еркін бағдарламада 127,2000 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже тіркеді.

Бокс

Болгарияның София қаласында өткен халықаралық «Странджа» кубогында Қазақстан ерлер құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды. Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі),  Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Бекзат Нұрдәулетов (86 келі) жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленсе, екінші орында Өзбекстан, үздік үштікті Болгария құрамасы түйіндеді. Ал Әйелдер құрамасы сапынан Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтыннан алқа тақты.

Фристайл-могул

Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко фристайл-могулдан қола жүлдеге ие болды.

Дзюдо

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирінде Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленді. Ол үшінші орын үшін жекпе-жекте жапониялық Сотаро Фудживародан басым түсті.

Конькимен жүгіру

Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде конькимен жүгіруде жеңімпаз атанды. Отандық спортшы 500 метр қашықтықта 34,46 секунд нәтижесімен үздік атанды.

title