Өткен демалыстың басты жаңалықтары
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы
Өткен аптада күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел намысын қорғаған балуандар қазақстандықтарды қуантты. Отандық спортшылар грек-рим күресі, әйелдер күресі және еркін күрес бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша құрама Моңғолия жерінен 20-дан астам медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға (151 ұпай) ие болды.
Дзюдо федерациясы
Қазақстандық дзюдошылар жастара арасындағы Еуропа Кубогында бес медальға қол жеткізді. 23-24 сәуір аралығында Польшаның Познань қаласында өткен жарыста Мерей Махамбетов (60 кг) алтын жүлде иеленсе, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) және Жүрқамырза Шүкірбеков (100 кг) күміспен күптеліп, Нұрсұлтан Жұбатқан (60 кг) қоланы қанағат тұтты.
Фехтования федерациясы
Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Семсерлесуден ерлер арасында өткен сайыстың қорытындысы бойынша Эльмир Әлімжанов алтын медальға ие болса, Руслан Құрбанов екінші орынды, ал Георгий Тинников пен Вадим Шарлаимов үшінші орынды иеленді. Турнир аясында рапираларда Тамерлан Қалиев үздік атанды. Ал шпажистер арасында София Николайчук, Владислав Андреева, Александра Тамбовцева және Наталья Зинякова құрмет тұғырына көтерілді. Чемпионат 4 мамырға дейін жалғасады.
Жеңіл атлетика
Ұлттық құрама спортшылары Галина Якушева, Полина Репина және Георгий Шейко Словакияның Дудинц қаласында өткен Dudinska 50 халықаралық жарысында 35 шақырым қашықтықта спорттық серуенде дебют жасады. Галина Якушева 25 орын алып, осы қашықтықта алғаш рет Қазақстан рекордын орнатты. Полина Репина 3:07:56 нәтижесімен 29-орынға ие болды. Ал Георгий Шейко жалпы есепте 26:2:36:37 нәтижесімен тоқтады. ⠀
«Қайрат» АФК
"Қайрат" шағын футбол клубы үшін демалыс күндері сәтті болмады. Команда екі ойында ақтаулық "Каспийден" 1:4 және 2:3 есебімен ұтылды.