Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды. Гонконгта өтіп жатқан әлемдік біріншілікте ел намысын Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғады. Финалға жету жолында Қазақстан құрамасы Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36), Мысыр (41:32) құрамаларды жеңді. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан 45:40 есебімен жеңіске жетті. Украина турнирді күміспен аяқтады, ал қоланы Мысыр өкілдері жеңіп алды.

