Қонаев қаласында OCEANMAN QAZAQSTAN – 2025 өтті
Sport Qory қолдауымен Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасының жағалауында Орталық Азиядағы ең ірі Ашық суда жүзу – OCEANMAN QAZAQSTAN жарысы өтті.
Қазақстандағы OCEANMAN халықаралық сериясының төртінші жарысы 5 және 6 шілде аралығында өтіп, ол тарихтағы ең ауқымды шара ретінде тіркелді. Аталмыш сайысқа Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия және Венгрияны қоса алғанда 18 елден 2 050 жүзуші қатысты.
Жүзу бес қашықтықтан тұрды: Oceanman (10 км), Half Oceanman (5 км), Sprint (2 км), Oceankids, Oceanteams.
OCEANMAN санатында Черепанов Лев (2:18:43) пен Лазарева Ирина (3:22:06) үздік атанды.
HALF OCEANMAN санатында Rodrigo Malan (1:10:24) және Құмақбаева Ғазиза (1:25:44) жеңістің ең биік сатысынан көрінді.
Сондай-ақ, SPRINT санатында Rodrigo Malan (0:29:16) және Таисия Короткова (0:29:03) топ жарды.
OCEANKIDS сайысындағы барлық төрт жас санаттағы жеңімпаздар төменде:
U15 – Тимофей Лебедев (0:07:12) және Диляра Мұрат (0:08:11)
U13 – Артем Литвинов (0:07:32) және Виктория Костенко (0:08:05)
U11 – Савелий Чумакин (0:08:39) және Василиса Павловская (0:09:20)
U9 – Наби Алдаберген (0:12:58) және Райана Оспанова (0:09:53)
OCEANTEAMS 3x500 сайысында KRIDA TEAM командасы үздік атанды.
Бағдарламада INSPIRATION санатына ерекше назар аударылып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген тәжірибелі жүзушілердің сүйемелдеуімен және қамқоршыларының қолдауымен жүзуге ерекше қажеттіліктері бар 5 бала қажетті қашықтықты еңсерді.




