Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында футзалдан Қазақстан Құрамасы Нидерланд құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Кездесуде құрама сапынан Біржан Оразов пен Дуглас мергендік танытты.

Осылайша, Кака шәкірттері іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы Қазақстан, Әзербайжан, Румыния және Нидерланд құрамаларынан жиналған квартетте ешкімді қарсылас көрмей, Өзбекстанда өтетін ӘЧ-2024 финалдық кезеңіне сенімді түрде жолдама алды.

title