Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері

Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы Миланда (Италия) өткен Әлем кубогы кезеңінің қола медалін жеңіп алды.

Эстафетада қазақстандық спортшылар Денис Никиша, Мирсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов өнер көрсетіп, елімізге қола жүлдені сыйлады.

Аталмыш сайыста бірінші орынды Италия құрамасы иеленсе, Канада құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, отандық шорт-трек шеберлері 2025 жылғы Азия ойындарында алтыннан алқа таққан еді.